2025 жылдың 26 мамыр күні А. Молдағұлова атындағы №29 жалпы білім беретін орта мектебінде көптен күткен “Күншуақ”жазғы демалыс алаңының жаңа маусымы салтанатты түрде ашылды!
Балалар үшін қуаныш пен шаттыққа толы бұл күн жазғы демалыстың жарқын бастамасына айналды. Лагерь аумағы балалардың шат күлкісіне бөленіп, түрлі қызықты кездесулер, жаңа достықтар мен естен кетпес әсерлерге толы күндерге жол ашты.
Ашылу салтанаты барысында оқушылар көңілді ойындар мен концерттік бағдарламаларға қатысып, жазғы демалыстың алғашқы күнінен-ақ жағымды көңіл күй сыйлады. Лагерь ұжымы балалар үшін шығармашылық, спорттық және мәдени бағыттағы қызықты іс-шараларға тыңғылықты дайын екендігін көрсетті.
Алда балаларды ұмытылмас әсерге толы сәттер, жарқын эмоциялар мен тамаша естеліктер күтуде. Мектеп жанынан ашылған “Күншуақ”– достықтың, шаттықтың және бала армандарының мекені!


