Жаңалықтар

«Алтын сақа» мектепішілік олимпиада.

“Шымкент қаласының Дарын орталығы” коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2024 жылғы 24 қыркүйектегі N 338 хатының негізінде 03.10.2024 жылы А.Молдағұлова атындағы N 29 жалпы орта білім беретін мектепте 3-4 сыныптарға арналған мектепішілік «Алтын сақа» олимпиадасының мектепішілік кезеңі өтті. Олимпиадаға 3-4 сыныптардан 14 оқушы қатысты. Мектепішілік кезеңнен 1- орын иеленген оқушылар келесі кезеңге жолдама алды.

3-4 сынып оқушыларына арналған Алтын сақа олимпиадасының мектепішілік кезеңінің хаттамасы

 

Республикалық олимпиада 5-6, 7-8 сыптар

2024 жылғы 22 қазан күні мектебімізде жалпы білім беретін пәндер бойынша 5-6, 7-8 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өткізілді. Олимпиадаға 7-сыныптардан 28 оқушы, 8-сыныптардан 28 оқушы қатысып, өз білімдерін көрсетті.Олимпиаданың мектепішілік кезеңі академиялық адалдық пен ашықтықты сақтай отырып, You Tube трансляциясының көмегімен өткізілді.

5-6 сынып

7 сынып

8 сынып