І ауысым 26.05.2025-04.06.2025 жыл

ОҚУШЫЛАРҒА АРНАЛҒАН КӘСІБИ БАҒДАР: EDUCAMPSHYM ЖӘНЕ PROFSTART
2025 жылғы 26 мамыр мен 4 шілде аралығында оқушыларды кәсіби бағдарлау және мамандыққа бейімдеу мақсатында Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты білім беру ұйымдарында ауқымды жобалар іске асырылып жатыр. Аталған бағыттағы жұмыстар «EduCampShym» және «PROFSTART» жобалары аясында жүргізіліп жатыр.
«PROFSTART» жобасы аясында 27-28 мамыр күндері Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университеті жанындағы Жүсіпбек Аймауытұлы колледжіне экскурсияға барды. Бұл жобаға 7–8 сынып оқушылары қатысып, өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес техникалық және жұмысшы мамандықтарымен танысуда. Оқу лагерлері аясында қатысушылар шеберлік сағаттарына, тренингтерге және кәсіптік бағыттағы арнайы іс-шараларға қатысып жатыр.