Тәбие жұмысы
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС- ҚОҒАМ ТАЛАБЫ
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднамалар мен хабарламалар мектеп қызметкерлеріне таратылып, таныстырылып, жиналыс өткізілді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде төмендегі жұмыстар атқарылуда: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа…
«Интернет кеңістегіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу»
А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектебінде «Интернет кеңістегіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында Республикалық ақпараттық түсіндірме тобының мүшесі, Жамбыл облысы «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» бөлім басшысы, теолог Сабырұлы Әбілхайыр, Шымкент қаласы дін істері басқармасы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ теолог маманы Жұмаділлә Бексултан Жұмаханұлы 8-9 сынып оқушыларымен кездесу өтті Видео
«Үш тілде оқимыз»
А.Молдағұлова атындағы 29 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 16.09.24 «Үш тілде оқимыз» атты тақырыптық кітап көрмесі ұйымдастырылып және 11 «Ә» сынып оқушыларымен тақырып бойынша шолу өткізілді. Оқушылар үш тілде жазылған әдебиеттер мен танысты. Оқушылар өздері оқып жүрген М.Әуезовтың «Қараш- қараш» повесін үш тілде оқыды. Сынып жетекшісі Жусипалиева Ақсәуле апай үштілде білім беру маңыздылығын атап…
«Досбол-Like» буллингке қарсы бағдарламасы.
Білім басқармасы «Өркен» балалардың әл-ауқатын арттыру ұлттық ғылыми практикалық институты КеАҚ 2024 жыл 17 қыркүйектегі N 01-02/474 хатына сәйкес, «Досбол -Like» буллингке қарсы бағдарламасы аясында, Шымкент қаласының білім басқармасына қарасты А.Молағұлова атындағы N29 жалпы орта білім беретін мектебінде ағымдағы жылдың 19 қыркүйек күні сағат 10.00 де 8,9,10,11 сынып оқушыларының қатысуымен флешмоб ұйымдастырылды. https://www.facebook.com/share/v/1J2osq7rEQ/?mibextid=qi2Omg
