СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС- ҚОҒАМ ТАЛАБЫ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі тарапынан жіберілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама ережелері, оның ішінде сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті түсіндіретін жаднамалар мен хабарламалар мектеп қызметкерлеріне таратылып, таныстырылып, жиналыс өткізілді.
Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мектебімізде төмендегі жұмыстар атқарылуда:
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 12-бабы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер, 13-бабы «Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызмет», 14-бабы «Жақын туыстардың, ерлі-зайыптылардың немесе жекжаттардың бірге қызмет (жұмыс) істеуіне жол бермеу», 15-бабы «Мүдделер қақтығысы» баптарын басшылыққа алып жұмыс жүргізілуде.
1.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы мен Қазақстан Республикасының Әдеп кодексі және Қазақстан Республикасының «Педагог мәртебесі» туралы Заңының стендтерін және Сыбайлас жемқорлық бойынша білім басқармасы тарапынан жолданған плакаттар мектептің кіре берісіне немесе фоеге ашық жерге ілініп, мектеп қызметкерлері арасында кеңінен таныстыру жұмыстары жүргізілді.
2.Түрлі себептермен кез-келген мерекелік іс-шараларға, мекемеге қажетті кеңсе заттарымен шаруашылық заттарын сатып алу және тағы басқа мақсатта ата-аналардан, ата-аналар комитеті атынан сыбайлас жемқорлыққа жол беру мәселесіне қатаң тиым салынды.
3.Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын басшылыққа алып белсенді білім алушылардың қатысуымен ұжымға, ата-аналарға мектепте іс-шараларға оқушылардан ақша жиналмайтындығы туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
4. Педагог қызметкерлердің біліктілігін көтеру мақсатында аттестаттаудан өткізуге, марапаттауға байланысты педагог қызметкерлерден пара алу мәселесіне қатаң түрде тиым салынды.
5. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мәселесі бойынша педагогтар мен ата-аналар арасында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, белгіленген жоспарға сәйкес саяси партия, қоғамдық бірлестіктердің өкілдерінің қатысуымен ай сайын сыбайлас жемқорлыққа қарсы жиналыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып әлеуметтік желіге жариялануда.
6.Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңның 51-бабының 7,8 тармақтарына сәйкес әрбір педагог өз қызметінде педагогтік әдеп қағидаларын сақтап, білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарының немесе өзге де заңды өкілдерінің ар-намысы мен қадір-қасиетін құрметтеуде.
7.Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ, сыбайлас жемқорлық белгілері байқалған жағдайда сенім телефонына немесе құзырлы органдарға хабарлау туралы тақтайшалар орналастырылды.
8. Сыбайлас жемқорлық заңмен қудаланатыны туралы және оған жол бермеу туралы түрлі бейнероликтер, оның ішінде сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша әр түрлі бейнероликтер көрсетілді.
9.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жасалынып, «1424» сенім телефондарының тақтайшалары орналастырылды.
10.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 9-бабына сәйкес, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру-сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субьектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша жұмыс жүргізіліп, білім беру, ақпараттық, ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылуда.
11.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру-тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын, қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі жүргізілуде.
12. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңның 22-бабы 1-1 тармағына сәйкес, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауының алдын алу жөніндегі лауазымдық міндеттерін орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тәртіптік жауаптылықта болатындығы ескертілді.
13.Сыбайлас жемқорлық жасау, ақша жинау тәуекелдерін анықтау мақсатында ұдайы жасырын сауалнама жүргізілу мәселесі қарастырылды.
14. Шығарылған бұйрықпен әрбір педагог таныстырылып, ата-аналардың назарына жеткізілді.
Құрметпен, №29 «А.Молдағұлова» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп директоры Мамахова Майра Курманалиевна
Байланыс телефоным: 8707 946 70 63

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *