11-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау басталды

“Білім туралы” Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 38) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 3 тамыздағы №348 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 5 тамыздағы «Орта білім беру ұйымдарында 2025-2026 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімдерін айқындау туралы» №174 бұйрығына, Шымкент қаласы Білім басқармасының 2025 жылғы 13 тамыздағы №450-н/қ бұйрығына сәйкес, 2026 жылғы 2 маусым күні 11-сынып білім алушылары үшін қорытынды аттестаттау аясында Қазақстан тарихы пәнінен ауызша емтихан өткізілді.
Емтихан бекітілген кестеге сәйкес ұйымдастырылып, өткізілді. Білім алушылар емтихан сұрақтарына жауап беріп, өз білім деңгейлерін көрсетті. Емтихан барысында белгіленген талаптар мен рәсімдер толық сақталды. Емтихан нәтижелері комиссия мүшелері тарапынан бағаланып, тиісті құжаттармен рәсімделді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *