Республикалық ғылыми жобалар байқауы мектепішілік кезең

2025 жылдың 21 мамыр күні А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектепте жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар байқауының мектепішілік кезеңі өтті.

Аталған іс-шара 8–11 сынып оқушылары арасында ұйымдастырылды.

 

Ғылыми жобалар байқауына пәндік секциялар бойынша барлығы 25 оқушы қатысты. Байқау төмендегі бағыттар бойынша өтті:

Секциясы, Пәні

1.Физика -Физика

2.Техника- Физика

3.Жер және ғарыш туралы ғылымдар- Физика

4.Математика -Математика

5.Қолданбалы математика- Математика

6.Информатика -Математика, Информатика

7.Экономика- Математика, География

8.Биология -Биология

9.Химия -Химия

10.Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау-Биология

11.Тарих -Дүниежүзі тарихы және-Қазақстан тарихы

12.Адам және қоғам -Дүниежүзі тарихы және адам және қоғам

13.Өлкетану -География және Қазақстан тарихы

14.Әдебиет- Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

15.Этномәдениеттану -Дүниежүзі тарихы және Қазақстан тарихы, Қазақ әдебиеті және орыс әдебиеті

16.Тіл білімі- Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын,неміс және француз тілдері

Оқушылар өз зерттеу жұмыстарын жоғары деңгейде қорғап, өзекті мәселелерді талдап, ғылыми тұрғыдан негіздеп көрсете білді. Жобаларда тәжірибелік зерттеулер мен статистикалық мәліметтер қолданылды, бұл оқушылардың зерттеу дағдыларының қалыптасқанын көрсетті.

Қорытынды бойынша үздік деп танылған оқушылар іріктеліп, қалалық кезеңге жолдама алды.

Мектепішілік қазылар алқасының шешімімен келесі оқушылар ерекше көзге түсті:

 

Қатысушының аты-жөні Сыныбы Секциясы Ұпайы Орны
1 Якупова Анель 9 Қоршаған ортаны қорғау және адам денсаулығын сақтау 38 I-орын
2 Шкуропат Валерия 9 Тарих 40 І-орын
3 Сейлхан  Толғанай 10 «Өлкетану» 40 І-орын
4 Берікқызы Айша 8 Физика 40 І-орын
5 Сегізбай Асылхан 10 Техника 40 І-орын
6 Дүйсенбай Арай 10 Математика 40 І-орын
7 Габрилян Данил,

Митрофанов Руслан

11

9

Информатика 40 І-орын
8 Естемес Қасиет 9 Қолданбалы математика

 

40 І-орын
9 Қыдыр Көркем 10 «Тіл білімі» 38 І-орын
10 Курбанова Дильором 10 «Тіл білімі» 38 І-орын
11 Таскұл Каусар 8 Химия 38 І-орын
12 Фомичева Дарья 8 Химия 38 І-орын
13 Амаева Белла 10 Биология 37 І-орын
14 Құмарбек Асылзат 8 Биология 35 ІІ-орын
15 Қонысбай Аяулым 9 Этномәдениеттану 40 І-орын

 

Қазылар  алқасының  шешімімен кестеде көрсетілген  «секциялар »  бойынша

15 — оқушы қалалық кезеңге жолданды.

Мектеп ғылыми жоба үйлестірушісі:

Ильясова Айнур Серикбаевна

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *