03.10.2025. Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында 5 қазан мұғалімдер күні қарсаңында 4 «А» сынып оқушыларымен 1 қыркүйек Білім күніне орай жасалған «Білімді ел – мәңгілік ел»; «Мұғалім – мектептің жүрегі» атты кітап көрмесіне шолу өткізілді.
Оқушыларды ұлы ғұламалардың қанатты сөздерін оқыту арқылы білімге деген қызығушылығын , білім алып отырған білім ордасына деген құрметін арттыру мақсатында Білім күніне арналған «Білім туралы ұлағатты сөздер» атты ұлағатты сөздер топтамамен таныстырылды. Оқушылар мектептің жүрегіне айналған ұстаздар туралы нақыл сөздер мен өлеңдерді оқып, ұстаздар мерекесімен құттықтады. Білікті де білімді тәрбиелейтін Ұстаздарға айтар алғысымыз шексіз.
