Жаңа жыл қарсаңында 26.12.2025 жылы мектепте «Ертегілер елінде» атты жаңа жылдық мереке өткізілді.Мереке қонақтары ретінде үйде жеке тегін оқытылатын оқушылар шақырылды.Мектеп директоры М.К.Мамахова демеушілердің қолдауымен оқушыларға арнайы дайындалған тәтті сыйлықтар мен шағын музыкалық колонкалар тарту етілді. Құттықтау сөз сөйлеп оқушыларға мықты денсаулық, көтеріңкі көңіл күй және оқуда озат болуын тіледі.
Сондай-ақ ата-аналардың қолдауы мен ұстаздардың еңбегі ерекше атап өтіліп, білім алушыларға көрсетіліп жатқан жан-жақты қолдау алдағы уақытта да жалғасатыны айтылды.
Мектеп ұжымының мақсаты- әрбір оқушының сапалы білім алуына тең мүмкіндік жасау!
Үйде оқитын оқушылардың «Ертегілер елінде» атты жаңа жылдық мерекесі.
