Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта білім беретін мектепте “Сапалы білім” білім сапасын арттыру жобасы аясында мектеп ұжымымен мазмұнды талқылау өтті. Кездесу барысында білім беру сапасын арттырудың негізгі бағыттары, оқыту үдерісіне заманауи әдіс-тәсілдерді енгізу, оқушылардың білім нәтижелерін жақсарту жолдары кеңінен қарастырылды. Сондай-ақ мұғалімдердің кәсіби дамуы, оқу жетістіктерін талдау және тиімді тәжірибелермен бөлісу мәселелері талқыланды.
Талқылау қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған іс-шаралар жоспары айқындалды.

