Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты А.Молдағұлова атындағы №29 жалпы орта мектебінде «Ұлы ерлікке мың тағзым» атты батылдық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен қаһарман жерлестеріміз ауған соғысының ардагерлері Смайлов Медетбай Есқазыұлы., Хожамжаров Шыныбек Кайнарбекович., «Таулы Қарабақ ардагерлері мен мүгедектерінің Республикалық Одағы «Республикалық Қоғамдық Бірлестігінің Шымкент қаласы бойынша филиалының төрағасы Аманбаев Мұрат Төленбайұлы., Жүніс Сейдірахман Сейітқасымұлы., Қожалов Серік Қадырбекұлы., мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің мүшесі Мырзахан Камалхан Момынұлымен кездесу кеші өткізілді. Кездесу кеші өте әсерлі өтті. Мектеп оқушыларының Мемлекеттік Туды кіргізу сәті, Мемлекеттік Әнұранды орындауы ,ерлік туралы естеліктер, өлеңдер, батырлық туралы нақыл сөздерді мәнерлеп үлкен тебіреніспен оқығандарын ардагерлер жақсы әсермен қабыл алды. Ардагерлер ел болашағы жастарға патриоттық тәрбие беретін мағыналы ақыл кеңестерімен бөлісті. Оқушылар сұрақтар қойып сыр-сұхбат өте тартымды болды. АӘД пәнінің мұғалімі Көлбаев Бағдат ардагерлерге оқушылардың АК -74 қаруын жылдамдықпен жинауын көрсетті. Ер балдарда, қыздар да өздерінің шапшақ қимылдарымен ардагерлерді қуантты. Кездесу кешінің соңы «Біз бақытты баламыз» әнімен аяқталды. Мектеп директоры М.К.Мамахова биыл А.Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы қарсаңында алтын уақытын бөліп келген ардагерлерге ыстық ықыласын, ризашылығын білдірді.

